Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Омбы облысының Тарихи архивімен ынтымақтастық туралы келісімшарт


2018 ж. 13 маусым күні Омбы қаласында (РФ) Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, директоры Қабылдинов Зиябек және Омбы облысының Тарихи архиві, директоры Чекалина Людмила арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Омбы облысы, белгілі болғандай, Қазақстанмен тарихи байланыста. Бүгінгі таңда Батыс Сібірдің 65%-дан астам қазақтары Омбы облысында тұрады. Шекара маңындағы мәдени және ғылыми-білім беру байланыстары белсенді түрде қолдауда. Бұл келісімшарттың мәні Институт қызметкерлеріне мұрағаттық материалдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру және өткізу, тараптардың қызметінің түрлі қырлары бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының іс жүзіндегі заңнамаларына кайшы келмейтін ақпараттық және кеңес беру көмегін корсету сияқты іскерлік қарым-қатынас болып табылады.