Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ф.М. Достоевский ат. Омбы мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарт


2018 ж. 15 маусым күні Омбы қаласында (РФ) Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты мен Ф.М. Достоевский ат. Омбы мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Сол келісім аясында бірлескен ғылыми жобалар саласындағы ынтымақтастық, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды бірлесіп өткізу, ақпараттық қызметтер мен консультациялық көмек көрсету, тұрақты ғылыми-зерттеу алқалық органдардың жұмысына қатысуы қарастырылады. Осылайша, Омбы мемлекеттік университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Алексей Якуб келісім және негізгі бағыттарды талқылау барысында институт директоры Зиябек Қабылдиновтың «Отан тарихы» журналының редакциялық алқасына қосылу туралы шақыруын қабылдады. Өз кезегінде, институт қызметкерлері Ресейдің ЖАК ұсынған басылымдар тізіміне енгізілген «Омбы университетінің хабаршысына» ғылыми мақалалардың авторлары ретінде шақырылды. Ынтымақтастық туралы келісім бірлескен баспа жобаларына қатысу, ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізу, ғылыми өнімдермен алмасуды көздейді.