Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Омбы мемлекеттік педагогикалық университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарт


2018 ж. 15 маусым күні Институт директоры, профессор Зиябек Қабылдинов жұмыс сапарымен Омбы мемлекеттік педагогикалық университетіне барды. Университеттің құрылымында облыстың тарихын және шекаралас аумақтарын зерттеумен айналысатын ірі ғылыми зертханалар мен ғылыми орталықтар бар, Археология және этнография мұражайы бар. Университет ректорының м.а., профессор Геннадий Косяковпен, және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Надежда Медведенкомен кездесу барысында институт пен университеттің арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды, нәтижесінде ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт аясында, тараптар бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру және өткізу, қажетті ақпараттық қызметтер мен кеңес беру көмегін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін үйлестірді.