Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Украина ҰҒА Дүниежүзі тарихы институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды


2018 ж. 4 шілдеде «Қазақстан мемлекеттілігі тарихындағы Алаш: идеялар, тағдырлар, мұра (қоғамның қайта жаңғыруы мазмұнында)» бағдарламасы бойынша Киев қ. ғылыми іссапар аясында Институт қызметкерлері: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, жетекші ғылыми қызметкер Уалтаева А.С. және PhD доктор, ғалым хатшы Қозыбаева М.М. Украина ҰҒА Дүниежүзі тарихы институтында сапармен болды. Кездесу барысында институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Андрей Иванович Кудряченко ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарымен, соның ішінде халықаралық ынтымақтастық бағыттарымен таныстырды. Кездесу шеңберінде ғылыми басылымдармен алмасу болып өтті. Дүниежүзі тарихы институтында «Проблемы всемирной истории» ғылыми журналы, сонымен қатар «Страны мира и Украина» көптомдығы шығады. Өз кезегінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкерлері украиндық әріптестерін өз ғылыми мақалаларын «Отан тарихы» және «edu.history.kz» электрондық журналы басылымдарында жариялауға шақырды. Келіссөздер нәтижесі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Украина ҰҒА Дүниежүзі тарихы институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен аяқталды.

13 шілдеде басшылықтың шақыруымен Дүниежүзі тарихы институтының ұжымымен, атап айтқанда директордың ғылыми-ұйымдастыру жұмыстары және жалпы мәселелер бойынша орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Иван Иванович Богдановичпен және ғалым хатшы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Виктория Витальевна Солошенкомен кездесу өткізілді. Келіссөздер барысында біріккен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және магистрлер мен PhD докторларды бірігіп даярлау жөніндегі мәселелер, соның ішінде Дүниежүзі тарихы институтының базасында тағылымдамадан өту және диссертацияларға бірігіп жетекшілік ету мәселелері оң шешілді.