Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Украинада (Киев қ.) ғылыми іссапар


2018 ж. 3-15 шілде аралығында Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының қызметкерлері – т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, жетекші ғылыми қызметкер А.С. Уалтаева мен PhD доктор, ғалым хатшы М.М. Қозыбаева «Қазақстан мемлекеттілігі тарихындағы Алаш: идеялар, тағдырлар, мұра (қоғамның қайта жаңғыруы мазмұнында)» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Киев қаласына ғылыми іссапарға барды.

Ғылыми байланыстар мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде институт директоры, профессор З.Е. Қабылдиновтың тапсырмасы бойынша Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты Украина Ұлттық ғылым академиясының жетекші институттары – Украинаның Тарих институты мен Дүниежүзі тарихы институты, және «Украиналық ұлттық жады институты» ММ ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды; Украинаның Орталық мемлекеттік тарихи архиві мен Украина ҰҒА И.Ф. Курас ат. Саяси және этноұлттық зерттеулер институтымен келісімдер қол қою кезеңінде.

Іссапар аясында Киевтің орталық мемлекеттік мұрағаттары мен кітапханаларында жұмыс жүргізілді.

Сонымен қатар, іссапар аясында саяси қуғын-сүргін кезеңінде Украинаның қауіпсіздік қызметінің құпиясыздандырылған мұрағаттық материалдарымен зерттеудің қосымша бағыттары анықталды.