Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жамбыл облысының мемлекеттік архивімен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды


Қазіргі таңда архив құжаттарын зерделеуге деген қызығушылық халық арасында артып келеді. Мекеме, облыс, аудан тарихына, жеке адамдардың өмір белесін білу үшін архивке келеді.

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің ҒАА және құжаттарды жариялау бөлімі осы сипаттағы сұраныстарды қанағаттандырады. Халыққа қызмет көрсетіп, бағыт-бағдар береді.

Осы орайда Алаш мұрасына қатысты тың деректерді іздеп, зерттеуге Институттан PhD докторы – Т.Ә. Әпендиев пен ғылыми қызметкері – М.Ж.Сейтов құнды құжаттармен жұмыс жасауға іссапарға барған. Алдымен архив басшысы шағын экскурсия ұйымдастырып, мекеменің тыныс-тіршілігімен кеңірек таныстырып өтті. Оқу залына келген ғылыми қызметкерге архивист Н.Қосымбекова ақыл-кеңесін беріп, жөн сілтеді. Нәтижесінде Институт Жамбыл облысының мемлекеттік архивімен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды.