Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Көкшетау мұрағатшыларымен үш жақты келісімшарт


Жуырда Көкшетауда Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» ММ және «Ақмола облысының мемлекеттік архиві» ҚММ үш жақты келісімшартқа қол қойды. Осы келісімге сәйкес, институт Көкшетау мұрағатшылары шығарған кітаптарды, құжаттар жинақтарын, ғылыми-практикалық іс-шаралардың ғылыми қолдауы мен рецензиялауға қолдау көрсетеді, біздің ғалымдардың шығарған ғылыми басылымдарын архивтің кітапханалық қорына жіберуге жәрдемдеседі. Көкшетау жағы Институттың ғылыми қызметкерлеріне ғылыми мақалалар, жобалар мен мақсатты бағдарламалар бойынша монографияларды дайындауда құнды мұрағат материалдарына қол жетімділікті қамтамасыз етеді.