Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қырғыз Республикасы ҰҒА Тарих және мәдени мұра институтымен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды


2018 ж. 20 шілдеде келісім сөздер нәтижесінде Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы мен Қырғыз Республикасы ҰҒА Тарих және мәдени мұра институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, корреспондент-мүшесі Асанканов Абылабек Асанканұлы арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды. Осы келісімге сәйкес, тараптар бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруды, конференциялар мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруы және өткізуді, ғылыми монографиялар мен жинақтарды дайындау мен шолуды қамтитын ғылыми-практикалық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.