Қытай қоғамдық ғылымдар Академиясы Тарих институтының ғылыми қызметкерлерімен кездесу

2018 ж. 25 шілде күні Институтта Қытай қоғамдық ғылымдар Академиясы Тарих институтының ғылыми қызметкерлері – директордың халықаралық байланыстар бойынша орынбасары Ли Дзинсю, Еуразиялық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Чин Гели және жетекші ғылыми қызметкерлер Жарқын мен Сун Хаомен кездесу өтті. Кездесу аясында Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ф.М. Шамшиденова тиісті екіжақты келісімнің жобасында көрсетілген екі тарихи институттардың ынтымақтастығының негізгі перспективалық бағыттарына назар аударды. Іс-шара барысында отандық және қытайлық әріптестердің еуразиялық аймақ тарихындағы түркі және моңғол кезеңдерін зерттеудегі соңғы жетістіктері, ҚХР архивтері мен кітапханаларындағы жұмыс талқыланды. Әріптестерге сыйлық ретінде институттың «Отан тарихы» ғылыми журналы оқу және болашақта мақалалар жариялау үшін берілді. Өз кезегінде, қытай әріптестері ғылыми зерттеулердің нәтижелерін «International journal of Eurasian Studies» ғылыми журналдарында жариялауға шақырды, олардың үлгілерін Институтқа сыйлады. Осылайша, кездесудің нәтижелері бойынша ортағасырлық тарих аясында бірлескен зерттеулердің нақты тақырыптары анықталып, сондай-ақ жақын болашақта қол қоюға болатын ынтымақтастық туралы келісімшарт жобасы талқыланды.