Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы «Қазақ халқының рухани дамуы» атты дөңгелек үстел


2018 ж. 2 тамыз күні Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтында «Қазақ халқының рухани дамуы» (Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының іске асыру аясында) атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында ұлттық кодекстің мәселелері, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды (үлкендерді құрметтеу, қонақжайлылық, өзара түсінушілік, әскери өнер және т.б.) жандандыру және қолдау мәселелері көтерілді. «Туған жер», «Қазақстанның киелі географиясы» және т.б. президенттік бағдарламалардың практикалық жүзеге асыруының мәселелері көтерілді. Институттың ғалымдары мен қызметкерлері – З.Е. Қабылдинов, А.У. Тоқтабай, Ф.М. Шамшиденова, Ғ. Халидуллин, А.С. Уалтаева, Н. Құрманалина, Т. Әпендиев және М.Морякова баяндамалар жасады.