Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивімен ынтымақтастық туралы келісімшарт


12-23 шілде аралығында институттың бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы З.Т. Садвокасова Петропавл қаласына ғылыми іссапар жасады, оның барысында «Алаш» ұлттық қозғалысы туралы мұрағат материалдарын жинау жұмыстары жүргізілді. Іссапар барысында Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты арасында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат шеңберінде бірлескен жұмыстың келесі бағыттары анықталды: ғалымдардың зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми айналымдағы мұрағаттық материалдарды анықтауға және енгізуге әдістемелік көмек көрсету, бірлескен ғылыми-практикалық іс-шараларды (конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.) ұйымдастыру және өткізу, Солтүстік Қазақстан облысының киелі нысандарын анықтап сипаттау және т.б. Архив директоры С.М.Маликовамен кездесу барысында институттың бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы З.Т. Садвокасова архивтік мекеменің кітапханасына Институт ғалымдарының ғылыми еңбектерін сыйлады.