Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

М.Қ. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарт


2018 ж. шілде айында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты мен М.Қ. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Келіссөздер барысында келесі бағыттар анықталды: кадрларды даярлау, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, ғылыми басылымдарды алмастыру, ұжымдық монографиялар мен мақалалар жазу, ғылыми-практикалық іс-шараларды (конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.)  ұйымдастыру және өткізу және т.б. Институттың жұмысын университет кітапханасына көпшілікке тарату үшін институттың бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы З.Т. Садвокасова ғалымдарымыздың ғылыми еңбектерін табыстады.