Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Неміс профессоры Виктор Григермен кездесу


2018 ж. 14 тамыз күні институтта ұжымның Гейдельберг университетінің докторы Виктор Григермен кездесу өтті. Ол Ресей империясындағы, КСРО-да, посткеңестік кезеңде ұлттық саясат, ксенофобия және германофобия мәселелері бойынша мамандандырылған. Бірлескен ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, ғылыми мақалаларды Институт пен Германияда басылатын журналдарда жариялау туралы келісімге қол жеткізілді.