Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Армения Ұлттық ғылым академиясының Тарих институтымен ғылыми ынтымақтастық


Институт қызметкерлері А.С. Уалтаева, М.М. Қозыбаева, М. Морякова 2018 жылдың 15-21 шілде аралығында Қырғыз Республикасында өткен ТМД елдерінің жас ғалымдар-тарихшыларының «Тарихтағы азамат соғысының феномені» атты Халықаралық жазғы мектебінің  жұмысына қатысуы аясында, Армения Ұлттық ғылым академиясы Тарих институтының басшылығымен бірлескен ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол жеткізді. Меморандумның жобасы талқыланып, институт директорларына бекітуге ұсынылды.

13 тамызда ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов пен Арменияның Ұлттық ғылым академиясы Тарих институтының директоры, т.ғ.д., профессор А.А. Мелконян арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды.