Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ономастика және рухани жаңғыру


2018 ж. 28 тамыз күні Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры З.Е. Қабылдинов «Ономастикалық жанару – рухани жаңғыру кепілі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференцияның ұйымдастырушылары Қостанай облысы әкімдігінің Тілдер дамыту бойынша басқармасы және А. Байтұрсынов ат. Қостанай мемлекеттік университеті болды.

Профессор Зиябек Қабылдинов конференцияның пленарлық отырысында «Елорданың жаңа ономастикалық келбеті» тақырыпқа баяндама жасады. Мұнда ол «Астана: прошлое и настоящее» атты кітапты таныстырды, институттың Қостанай облысының топонимикасы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге дайындығын атап өтті, сонымен қатар облыс атауын Торғайға өзгертуді ұсынды.