Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Конституция күніне арналған жиналыс


29 тамыз 2018 ж. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Қазақстан Республикасының негізгі Заңы – Конституция күніне арналған жиналыс өтті.

Институттың Жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к.. Шамшиденова Ф.М. Конституция – кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат екенін айта отырып, қазақ билер институтының ерекшеліктеріне тоқталды. Еліміздегі белгілі заңгер ғалымдар Зиманов С.З., Сартаев С.С. Ата заңды жасауға көп үлес қосқанын баяндады.  1995 ж. 30 тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басып, тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұл біздің Ата заңымыздың үлкен әлеуетін дәлелдейді деп түйіндеді.

Қоғаммен байланыс жөніндегі директордың орынбасары, т.ғ.к. Шашаев Ә.Қ. ежелгі Римдегі 12 кесте, Хаммурапи заңдары, Солон заңдары, т.б. тоқталып, жалпы Заң атаулының даму эволюциясын сипаттады. Біздің Ата Заңымыздың көптеген артықшылықтарын көрсетті.

Жас ғалымдардан PhD докторант Кубеев Рүстем ҚР Ата Заңын Франция Конституциясымен салыстырып, салыстырмалы талдау жасады.

Кәсіподақ төрайымы Арепова А.Д. Ата Заңдағы әлеуметтік мәселелер бойынша баптарына шолу жасады. Осылайша Ата Заң бойынша біздің институт та ұжымдағы әлеуметтік мәселелерді ойдағыдай шешіп, талпыныстар жақсы екенін атап өтті.