Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Пресс-релиз


 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

 Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫ

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты  және Халықаралық Түркі академиясы бірігіп 2018 жылдың 13 қыркүйегінде белгілі тарихшы, т.ғ.к., Институттың жетекші ғылыми қызметкері Дәулетхан Әлімғазының 75 жылдығына орай «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

 Конференцияның жұмыс бағыттары:

–  Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының этносаяси мәселелері;

–  Түркі халықтарының мәдени тарихы.

–  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы отандық тарихтың өзекті мәселелері.

Өткізілу орны мен уақыты: Алматы қаласы, Шевченко к-сі, 28,  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Тіркелуі – сағ. 9.00., басталуы – сағ. 10.00.

Байланыс телефоны: 8 (727) 261-16-35, 8 (727)261-17-58, 8 (727) 272-68-46.

  

Ұйымдастыру комитеті