Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Рухани жаңғыру және түркі әлемі тарихының мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция


2018 ж. 13 қыркүйекте белгілі ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Әлімғазы Дәулетханның 75 жылдығына арналған Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Халықаралық түркі академиясы бірігіп «Рухани жаңғыру және түркі әлемі тарихының мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияға белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты. Пленарлық мәжілістің модераторы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов болды.  Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі құттықтау сөз сөзінде өздерін түркі әлемін танытуға Әлімғазы Дәулетханның үлес қосқанын айта отырып, Түркі академиясының медалімен марапаттады.

Ғылым академиясының вице-президенті М.Н. Қалимолдаев Ұлттық ғылым академиясының Президенті М.Ж. Жұрыновтың атынан мақтау грамотасын, құттықтау сөзін сөйлеп, табыс етті.

Белгілі жазушы Қабдеш Жұмаділов Ә. Дәулетханның әкесімен де, атасымен де таныс болғанын айтып, ақындар әулетінен екенін баса айтып, Ә. Дәулетхан да азап көрген Қытайдағы оқиғаларға сипаттама жасады.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих, этнология және археология факультетінен т.ғ.д., профессор Талас Омарбеков, «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Б. Кәрібаев ғалымның ғылыми еңбектеріне сипаттама жасап, құттықттады.

 Әлімғазы Дәулетханның мына кітаптарының тұсаукесері болды:

 1. Зар заманның шерлі шежіресі.

2. Ли Бәй қазақ емес

3. Өмірімнің өзегі – ел мен жердің тарихы

4. Ежелгі түркілер

5. Ұлы Хұн империясының тарихы. ІІ том.

Тұсаукесер рәсімін т.ғ.д., профессор Шалекенов У.Х., т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі М.Қ. Қойгелдиев, жазушы Қ. Жұмаділов, т.б. ғалымдар мен қоғам қайраткерлері өткізді.

Институт директоры т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов конференция материалдар жинағының электронды нұсқасын экраннан көрсетіп, тұсауын кесті.

 Конференция келесі үш секция бойынша жұмысын жүргізді:

Секция № 1. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының этносаяси мәселелері. Модератор: Шамшиденова Ф.М., т.ғ.к., Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері. Хатшы: Арепова А.Д., Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, PhD докторант.

Секция №2. Түркі халықтары мәдениетінің тарихы. Модератор: Тоқтабай А.У., т.ғ.д., Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері. Хатшы: Сейтов М.Ж., Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 1-курс магистранты

Секция №3. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы. Модератор: Құдайбергенова А.И., т.ғ.д., Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері. Хатшы: Омарова Г.А., Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері.

 Конференция соңында ҚАРАР қабылданды.