Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институттың «Үздік жас тарихшысы» байқауын ұйымдастыру Ережесі бекітілді


2018 ж. 8 қазанда Институттың «Үздік жас тарихшысы» байқауын ұйымдастыру Ережесі ҚР 2011 ж. 18 ақпан «Ғылым туралы» Заңына және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ішкі Ережелеріне және Жарғысына сәйкес әзірленді.

Ережеде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Үздік жас тарихшысы» байқауын (әрі қарай – Байқау) ұйымдастыру және өткізу талаптарын белгіленген. Бірнеше пункттерден тұрады:

1) Жалпы ережелер;

2) Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері;

3) Байқауға қатысушылар үшін қойылатын талаптар;

4) Байқауды ұйымдастыру тәртібі;

5) Байқауға қатысу үшін даярланатын құжаттар;

6) Қорытынды шешім шығару талаптары;

7) Қорытынды шығару және жеңімпазды марапаттау.

Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаз  бағалы сыймен («Үздік жас тарихшы» төсбелгісі тағылып, сертификат және демалыс үйіне жолдамамен) марапатталады. Ал ІІ, ІІІ орынға лайық болғандар Институт директордың алғыс хатына т.б. марапатқа ие болады.