Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын практикалық тұрғыда жүзеге асырудағы жас тарихшы-ғалымдардың міндеті» атты халықаралық конференция


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі  2018 жылы 29 қарашасында Алматы қаласында астананың Алматыдан Ақмолаға (Астанаға) ауысуының 20-жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасын практикалық тұрғыда жүзеге асырудағы жас тарихшы-ғалымдардың міндеті» атты жас тарихшы ғалымдардың VІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Конференцияның негізгі бағыттары:

– Рухани жаңғыру: тарих ғылымы және жас зерттеушілер;

–  Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті;

–  Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихындағы Астана;

–  Алаш қозғалысына 100 жыл: тарихы мен тағылымы;

–  Түркістан автономиясына 100 жыл: Түркістандағы ұлттық-демократиялық қозғалыс тарихы және Тұтас Түркістан идеясының бастаулары;

–  Қазақстандағы үлкен террор: сталиндік қуғын-сүргін тарихы және ұлт зиялыларының тағдыры;

– Отан тарихы мәселелері;

– Жалпы тарих мәселелері;

– Деректану және тарихнама мәселелері;

– Археология және этнология мәселелері.

Конференцияға қатысу үшін Ұйымдастыру комитеті адресіне жіберу керек:

  1. Ұсынылған форма бойынша өтініш;
  2. Мақала мәтіні 10 бетке дейінгі көлемде 1 интервалмен электронды түрде. Шетелдік қатысушылар үшін электрондық хат арқылы бекітілген файлмен жіберуге болады (хат тақырыбында көрсету керек: АВТОРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ – МАҚАЛА АТАУЫ).

ҚАБЫЛДАНҒАН МАҚАЛАЛАР НЕГІЗІНДЕ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ   Е. БЕКМАХАНОВ АТ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ        (3 АДАМ) АНЫҚТАЛАДЫ.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. 

Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар және 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады.

МАҚАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ  –  2018 жылды 15 қарашасына дейін мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Конференцияның Ұйымдастыру комитетінің немесе Жас ғалымдар кеңесінің атына.

Байланыс телефоны және факс:

Байланыс телефоны: 8 (727) 272-44-79

Факс: 8 (727) 261-67-19

Ресми өтініш пен тезистер (тек қана бекітілген файлда) төмендегі электрондық адреске жіберіледі.

iie.jgk@gmail.com

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman» 14.

Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1,5 см. Аралық интервал – бір, азат жол – 1.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта – ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, автордың аты-жөні, және ұйымның аты жақша ішінде – қала, мемлекет. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар және 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады.

Конференцияның материалдарын жарыққа шығаруға жауапты редакциялық алқа жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін мақалаларды қабылдамайтынын алдын ала ескертеді.

Қатысушылар үшін конференцияға дейін жинақты баспа түрінде және эл. нұсқада (PDF) тегін басып шығару жоспарланған.

 ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ 

1

Тегі, аты-жөні (толық)

2

Жұмыс немесе оқу орны (егер студент, магистрант немесе докторант болса, онда міндетті түрде оқу орнының атауы, факультеті және курсы көрсетілуі керек)

3

Ғылыми атағы мен дәрежесі

4

Байланыс телефоны және мекен-жайы

5

E-mail

6

Бағыты

7

Баяндама тақырыбы