Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Санкт-Петербург мемлекеттік университетіндегі ғылыми тағылымдама туралы


2018 ж. 1-14 қазан аралығында әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің негізінде бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша оқитын Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының 2 курс магистранттары Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің Тарих институтында (Санкт-Петербург қ.) ғылыми тағылымдамадан өтті. СПбМУ Тарих институтының директоры, профессор Абдулла Хамидович Даудовпен кездесті. Сол институттың құрылымымен танысты, кітапханасына барды. Сонымен қатар, деректану кафедрасының меңгерушісі, профессор Сергей Григорьевич Кащенкомен кездесті. Кафедра жиналысына қатысты. Ол институттың кітапханасына өз еңбектерін сыйлады. 5 қазанда екі магистрант Ресейдің архивтік қызметінің 100-жылдығы мен Ленинград облысының архивтік қызметінің 90-жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференциясына қатысты. Жанұзақ Рамазан «ХХ – ХХІ ғ. басындағы ресей мемлекеттілігінің архивтері мен тарихы» секциясында «Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясының Алаш қозғалысы тарихындағы орны мен рөлі» тақырыпқа, Морякова Малика «ХІХ ғ. дейінгі ресей мемлекеттілігінің архивтері мен тарихы» секциясында «Қазақ-моғол қатынастарының тарихы бойынша мұсылмандық деректер» тақырыпқа баяндама жасады. Сонымен бірге, тағылымдамадан өту барысында магистранттар Ресей мемлекеттік тарихи архивте, Ресей ұлттық кітапханасында магистрлік диссертация тақырыптары бойынша материалдарымен жұмыс атқарды.