Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Өзбек әріптестерімен үш жақты келісім


2018 ж. 15 қазанда Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының (ӨР ҒА) Тарих институтымен келісімшартқа қол қойылды. Келісімге үшінші тарап – ӨЗ ҒА жанындағы Жаңа тарих орталығы қосылды.

Қазір біздің институт өзбек әріптестерімен ғылыми жобалар мен бағдарламаларды бірлесіп жүзеге асыруға, халықаралық ғылыми конференцияларды өткізуге және ұжымдық монографиялар шығару мүмкіндігіне ие болды. Институт директоры Р. Абдуллаев «Отан тарихы» журналының редакциялық алқасы құрамына қосылу туралы шақыруды қабылдады. Біздің институт «Қазақстанның мемлекеттілік тарихындағы Алаш: идеялар, тағдырлар, мұрасы (қоғамның рухани жаңғыру негізінде)» атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың жобасы бойынша жұмыс атқару үшін құнды кітаптар алды.