Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Алаш арыстарының ізімен


Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих  және этнология институты алаштану мәселесіне тыңғылықты көңіл аударып келе жатыр. Институт  қызметкері, т.ғ.д, профессор Ахмет Тоқтабай Алаш қайраткерлерімен дос, туыс, замандас, пікірлес болған қазақтың алғашқы интеллигенция  өкілдерінің өмірі  мен қызметі  туралы  зерттеуде. Алаш  партиясының секретары Дәлен Сәрсеновтың зайыбы  Ғанижамал  Қутумова  қазақтың  алғашқы  жоғары  білім алған   дәрігерлерінің  бірі. Орта Азия университетін  күйеуі  Дәлен  екеуі  ойдағыдай бітіріп  Ташкент  қаласында  жұмысқа  қалады.  Дәлен  Сарыағаш  ауданындағы   ауыл  шаруашылық  техникумын   алғашқы  ұйымдастырушы . Ғанижамал оқуды  бітірген  соң Өзбекстанның  ана мен  бала   институтының  директоры, Республика  денсаулық сақтау  министорының бірінші орынбасары медицина  ғыылымдарының  кандидаты, доцент. 1930 жылы  Дәлен кенеттен  қайтыс болады.Мұхтар  Әуезов  Алматыдан  арнайы  Шымкентке  поездбен  келіп , жүк машинасына  отырып   Дәленнің  қабіріне топырақ  салады.  Дәлен,  Ғанижамал , Мұхтарлардың  достығы  Омбыда   басталып , Дәленмен  Ғанижамал  Томск  университетінде  оқығанда жалғасыпты. Дәлен қайтыс болғаннан  кейінде  Мұхтар  Ғанижамалмен  байланысын  үзбеген,  оған  дәлел  М.Әуезовтың  Ғанижамалға  жазған  101 хаты .Осы  хаттардың  15-ін ұрпақтарының   рұқсатымен  академик  Қалдыбек  Сейданов  өзінің   Мұхтар  Әуезов  « Орта Азия төрінде»  деген  монографиясында  жариялапты. Ғанижамал  Қутумова  қазақ ғылымы  мен мәдениетінде  өзіндік  орны бар  ерекше  тұлға.  1942жылы  докторлық  диссертация  қорғайын деп  даярланып  жүргенде  мезгілсіз  қайтыс  болған.Өзбектің ұлы  жазушысы  Ғафур  Ғұлам  Ғанижамалды  «Өзбекстан  денсаулық  сақтау ісінің ханшайымы»  деп  баға  берген.