ҒАЛЫМДАР ЕЛІСХАН БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

2018 ж. 2 қарашада «Ғылым Ордасының» концерттік залында Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп Елісхан Әліпұлының 110-жылдығына арналған «Азаттық аңсаған қазақ көші және ел бастаған Елісхан» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция жұмысына атақты ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысып, баяндама жасады: Аяған Б.Г. – Мемлекет тарихы институтының директоры, Қабылдинов З.Е. - Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры, Жақып Б.О. – Қазақстан жазушылар одағының басқармасы төрағасының орынбасары, Шашаев Ә.Қ. - Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты директорының орынбасары, Негимов С.Н. – филол.ғ.д., Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-нің профессоры, Тоқтабай А.У. – т.ғ.д., профессор, Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, Құдайбергенова А.И. – т.ғ.д., доцент, Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, Алтай А., - «Халифа Алтай» Халықаралық қордың төрағасы, Шакенулы Ж. – атақты жазушы және публицист, Түркиядан, Монғолиядан құрметті қонақтар және т.б. Конференция аясында «Ел бастаған Елісхан» кітабының тұсаукесері өткізілді. Іс-шара барысында «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының директоры Женіс Түркия Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының Қамқоршылық кеңесі құрамына қосылу туралы институт ұжымының ұсынысын қабылдады.