Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Түркістан қ. Қ.А. Яссауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университетімен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды


2018 жылы 5 қарашада институт басшылығы Қ.А. Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Б.С. Абдрасиловпен ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл қадам бірлескен іс-шаралар бойынша (конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б.) стратегиялық жоспарларын жүзеге асыруды, ғылыми жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды, ұжымдық монографияларды жариялауды қамтиды. Атап айтқанда, осы кезеңде тарихи мамандықтар бойынша бірлескен диссертациялық кеңес құру, сондай-ақ біздің институт базасында PhD докторанттары мен магистранттары үшін ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру туралы алдын-ала келісімге қол жеткізілді. Кездесу барысында институт директоры З.Е. Қабылдинов және директордың орынбасары Ә.Қ. Шашаев университет кітапханасына ғалымдар жазған ғылыми еңбектер жиынтығын тапсырды, сонымен қатар, ғалымдар, магистранттар мен докторанттарға ұлттық тарихтың өзекті мәселелері бойынша дәрістер оқыды. Бүгінге Қ.А. Яссауи ат. ХҚТУ – соңғы айларда ұжымның үйлестірілген жұмысының арқасында шетелдік студенттердің саны 15%-ға дейін, ал магистранттар мен докторанттардың саны – 9%-ға дейін көтерілген Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны.