Институт 2018 ж. 13 қарашада «Институт ардагерлеріне тағзым» атты ұжымның ардагерлерімен кездесу және «Орта жүздің сұлтандары мен батырлары (XVIII ғ. екінші жартысы)» атты құжаттар жинағының тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отыр.
Іс-шараға атақты ғалымдар, қоғам қайраткерлері, еңбектері сіңген ардагерлер, ЖОО-ның оқытушылары, БАҚ өкілдері және магистранттар мен докторанттар қатысады.
Өтетін жері: Алматы қ., Шевченко көш., 28, «Ғылым ордасы», 3-қабат, Кіші конференц-зал.
Өткізілетін уақыты: 13 қараша, 2018 жыл, сағ. 11-00-ден 12-00-ге дейін.