Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2018 жылдың 6 желтоқсанында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім елі» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

 Конференцияның жұмыс бағыттары:

–         Қазақстандағы этностар: пайда болу тарихы және дамуы.

–         Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастар.

–         Гагаузы, кумык, арабтардың Қазақстандағы этномәдени даму ерекшіліктері.

–         Қазақстан халқы тарихи интерактивты картасын жетілдіру және ақпараттандыру жолдары.

Өткізілу орны мен уақыты: Алматы қаласы, Шевченко к-сі, 28, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Тіркелуі – сағ. 9.00., басталуы – сағ. 10.00.

Конференция жұмысына қатысамын деушілер баяндаманы Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жіберу керек:

1. Ұсынылған форма бойынша өтініш.

2. Мақала мәтіні 6-8 бетке дейінгі көлемде 1 интервалмен қағаз және электронды түрде. Шетелдік қатысушылар үшін электрондық хат арқылы бекітілген файлмен жіберуге болады (хат тақырыбында көрсету керек: АЛҒАШҚЫ АВТОРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ – мақала).

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

МАҚАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ – 2018 жылдың 26 қарашасына дейін мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті.

 

Байланыс телефоны және факс:

Байланыс телефоны: 8 (727) 261-16-35, 8 (727) 261-17-58, 8 (727) 272-68-46.

Факс: 8(727) 261-67-19

            E-mail: aknura_n@mail.ru

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman»  14.

Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _______________________________________________

Лауазымы: ___________________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

Автордың адресі:______________________________________________________________

Факс, E-mail __________________________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:__________________________________________

Мен:

¨     Секция отырысында  баяндама жасаймын;

¨     Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;

¨         Сырттай қатысамын.

ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ!