Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институттың ардагерлерін еске алу және жаңа кітаптардың тұсаукесері


2018 ж. 13 қарашада Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының атақты ардагерлері – А.Н. Нүсіпбеков, С.Б. Нұрмұхамедов, Н. Пан және т.б. еске алуына арналған «Институт ардагерлеріне тағзым» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, және ардагерлердің туыстары мен ұрпақтары қатысты. Қ.С. Алдажұманов, А.Т. Қапаева, З.М. Төленова, Қ.Ш. Хафизова, М.С. Ноғайбаева, А.Н. Құдайбергенов, Н. Мұхаметқанұлы және т.б. ғалымдар баяндамалар жасады.

Іс-шара барысында «Институттың кітапханасына кітап сыйла» деген акциясы өтті. Институтқа А.Н. Нүсіпбековтың, З. Қинаятұлының отбасынан, Г.Ж. Өскембаевадан, Н. Мұхаметқанұлынан, Ә.Н. Құдайбергеновтан кітаптар, соның ішінде сирек кездесетін библиографиялық басылымдары табысталды.

Кездесу «Султаны и батыры Среднего жуза (вторая половина XVIII века» атты архивтік материалдар жинағы мен 8(7) сынып оқушыларына арналған «Қазақстан тарихы» оқулығының (авторы З.Е. Қабылдинов, «Атамұра» баспасы) тұсаукесерімен аяқталды.