Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Web of Science ақпараттық платформамен жұмыс істеудің негізгі дағдылары: ғылыми ақпаратты іздестіру және жариялауға арналған журналды таңдау» семинары


2018 ж. 14 қарашада Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтында «Web of Science ақпараттық платформамен жұмыс істеудің негізгі дағдылары: ғылыми ақпаратты іздестіру және жариялауға арналған журналды таңдау» атты семинар өткізілді, дәріскер ретінде Clarivate Analytics (Thomson Reuters) компаниясының өкілі, бағдарламалар мен ғылыми өлшем бойынша маман Инеш Кенжина баяндама жасады. Семинарда Web of Science дерекқорында жарияланымдарды іздестіру, жариялауға арналған халықаралық журналды іріктеу және т.б. туралы ақпарат ұсынылды. Clarivate Analytics (Thomson Reuters) компаниясы Web of Science платформасын және журналды іріктеу және мақалаларды жариялауға арналған құралдарды пайдалануға қолдау көрсету бойынша семинарларды өткізеді.