Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

А.Байтұрсынов ат. ҚМУ-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды


2018 ж. 12 қарашада Институт пен А. Байтұрсынов ат. Қостанай мемлекеттік университеті (ҚМУ) жетекші жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Осы уақыттан бастап, сол университеттің ғалымдары біздің ұжым жүзеге асырып жатқан ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатыса алады. ҚМУ-нің магистранттары мен профессорлық-оқытушылар құрамында Институтта тағылымдамадан өтуге, ғылыми журналдарда мақалаларын жариялауға мүмкіндігі бар.