Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясындағы «Ұлы даланың тарихы: жаңа ұстанымдар мен көзқарастар» атты дөңгелек үстел


2018 ж. 22 қарашада Институтта Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясындағы «Ұлы даланың тарихы: жаңа ұстанымдар мен көзқарастар» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына ғалымдар, қоғамдық қайраткерлер, БАҚ, магистранттар мен докторанттар белсене қатысты.

Отырысты институт директоры. т.ғ.д., профессор, Қабылдинов Зиябек Ермуханұлы «Елбасысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан туындайтын тарихшы ғалымдар алдындағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттер» деген тақырыппен баяндама жасап, ашты.

Сонымен қатар төмендегідей баяндамалар тыңдалды:

1. Борбасов Саин Молдағалиұлы  – с.ғ.д., профессор, Ш.Ш. Уалиханов ат. Тарих және этнология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, «Ұлттық тарих туралы толғаныс»;

2. Шашаев Әуезхан Қадіржанұлы  – т.ғ.к., Ш.Ш. Уалиханов ат. Тарих және этнология институты директорының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары, «Тарихи қазынамызды түгелдеуге жол ашқан елбасы мақаласы»;

3. Таңатарова Жамиға Тәжікқызы  – т.ғ.д., профессор, Атырау университеті, «Қазақстан тарихшыларының шет ел архивтерімен «Архив-2025» жобасы аясында ықпалдасуы»

4. Шамшиденова Факия Мешведенқызы  – т.ғ.к., Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі, «Феномен истории –историческое пространство в статье Н.Назарбаева «Семь граней Великой степи»

5. Алдажұманов Қайдар Сейсембайұлы – т.ғ.к., Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас ғылыми қызметкері, «Елбасы мақаласы аясындағы Отан қорғау дәстүрін жаңғырту – тәуелсіздіктің кепілі»

6. Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы –  т.ғ.д., Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің меңгерушісі, «Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы тарихшыларға деген құрмет пен міндет»

7. Асанова Салтанат Әмірғалиқызы – т.ғ.к., Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институты бөлім меңгерушісі, «Своевременное и нужное явление событие»

Баядамалар тыңдалып, қатысушылар тарапынан қызу талқылау орын алды. Соңынан Елбасы ұсынған жобаларға қатысты ұсыныстар айтылып,  мақаладағы айтылғандарға қолдау көрсетендіктері туралы қорытынды жасалды.