Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау


2018 ж. 21 қарашада Институттың бас ғылыми қызметкері, Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор А.И. Құдайбергенова Ғылыми мамандарды дайындау орталығында 2 курс магистранттарына Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау ретінде дәріс өткізді. Дәріскер Елбасының мақаласында айтылған Ұлы даланың әрбір қыры ғылыми дәлелденген, тәуелсіздік жылдарында терең тыныстауға мүмкіндік алған ұлттық тарихтың қол жеткен тұжырымдарының негізінде жасалғандығын аша отырып, тарихшылардың зерттеулерінің арқасында мәлім болған ұлттық құндылықтарымыздың жинақталғанын, Қазақстанды әлемге танытқан жеті қырын тарихи дәлелдермен түсіндірді. Сонымен бірге,   тыным таппай қызмет етіп жатқан ғалымдарымыздың еңбегі бағаланғандығын және алдағы жылдарға арналған стратегиялық жоспарларды жасау арқылы тарихи сананы жаңғыртудың жаңаша жолдары анықталғандығы атап айтылды. Талқылауда магистранттар өз пікірлерін ортаға салды.