Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Қожа Ахмет Ясауи атындағы  Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және Этнология институты ҚР БҒМ ғылым Комитеті  Түркістан қаласында 2018 жылдың 10 желтоқсанында елорданың Алматыдан Ақмолаға (Астанаға) көшірудің 20 жылдығына арнап, Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күніне орайластырып “АСТАНА. ПРЕЗИДЕНТ. Тәуелсіздік» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

    Конференцияның мақсаты ұлт Көшбасшысы – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «үшінші мыңжылдықтың астанасын» құрудағы ерекше рөлін түсіндіру, заманауи Қазақстан өміріндегі «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәнмәтінінде Астананың қазіргі жаһандық әлемдегі орны  мен рөлін зерделеу болып табылады.

Конференцияның негізгі бағыттары:

–    Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  ел Тәуелсіздігін  қалыптастырудағы  рөлі;

–    Президенттік институт және оның Қазақстанның мемлекеттігін  нығайтудағы рөлі;

–    Қазақстан  халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудің  президенттік құралы;

–    Астана – Еуразия құрлығының ірі қаржы орталығы;

–    Астана – Еуразияның ғылыми, мәдени және білім орталығы;

–    Астананың Қазақстандағы туристік кластерді дамытудағы рөлі;

–    Астана халықаралық диалог алаңы ретінде;

–    Астана және Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы;

–    Астана мен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съездері;

–    Қазақстанның киелі географиясы: зерттеулер, мәселелер мен перспективалар;

–    “Туған жер” бағдарламасын іске асырудың негізгі бағыттары;

–    Түркістанның Қазақстанның рухани орталығы ретіндегі тарихи маңызы;

Конференция материалдары жеке жинақ болып шығарылады.

Басылымның негізгі шарты – баяндаманы конференцияға дайындау. Баяндамалардың мазмұны конференция тақырыбына сәйкес болуы тиіс.  Материалдарды өткізу мерзімі 2018 жылдың 01 желтоқсанына дейін.

Жарияланымдарға қойылатын талаптар:

1. Баяндама (мақала) мәтіні 5-7 беттен аспайтын көлемде және MS Word бағдарламасында дайындалуы тиіс. Кестелер, сызбалар, суреттер атауы болуы және Windows бағдарламасы түрінде құрастырылуы тиіс.

 2. Парақ параметрлері: барлық өрістер 2 см.

 3. Қаріпі: Times New Roman, 14 кегль.

 4. Жоларалық интервал – 1. Абзац: 1,25 см.

 5. Сілтемелерді пайдалана отырып, дереккөздерін көрсету қажет. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында үлгі ережесіне сәйкес рәсімделсін. Әдебиетке сілтемелер мәтінінде “квадрат” жақшада нөмірленуіне сәйкес ескертілуі ретімен жасалсын. Мысалы: [1, 17].

Мақаланың (баяндаманың) электрондық нұсқасын мына e-mail-ге жіберу керек: gaukar.primkulova@ayu.edu.kz, gauhar-0068@mail.

Редакциялық алқа баяндамаларды таңдау құқығын өзіне қалдырады.

      Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, түрік, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысына көрнекті отандық және шетелдік ғалымдар, белгілі мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, шет мемлекеттердің Төтенше және Өкілетті елшілері, орталық және жергілікті мемлекеттік билік органы өкілдері, этномәдени орталықтар мен Қазақстан Халықтары Ассамблеясы өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Іс-шара аясында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ел өмірінде тағдыршешті шешімдер қабылдаудағы ерекше миссиясына, Елордаға арналған мұрағат және кітап көрмелерін, жаңа кітаптар сериясының тұсаукесерін өткізу жоспарланған. Қожа Ахмет Ясауи атындағы  Халықаралық қазақ-түрік университетінің және “Атамұра” корпорациясының тікелей қолдауымен жарыққа шыққан тарих ғылымдарының докторы, профессор З. Е. Кабульдиновтың “ASTANA: THE PAST AND PRESENT” (ағылшын тілінде) атты кітабының тұсаукесерін өткізу жоспарлануда. Отандық және шетелдік жетекші ҒЗИ мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы, оның ішінде “Түркістан облысының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихы” атты ғылыми басылымын дайындау жөнінде келісім-шарттар сериясына қол қою іс-шаралары жоспарланған.

Өтетін орны: 161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы 29 В, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Мәдениет орталығы.

Басталуы: 10 желтоқсан, 2018 ж., сағ 10.00.

Байланыс телефондары: 8 (72533) 6-36-29, 87024886434

Е-mail: gaukar.primkulova@ayu.edu.kz, gauhar-0068@mail.ru

 Форумға қатысу үшін өтінімдер 2018 жылдың 01 желтоқсанына дейін келесі форма бойынша ұсынылуы қажет:

“АСТАНА. ПРЕЗИДЕНТ. Тәуелсіздік» атты

Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға  

қатысуға өтінім

10 желтоқсан 2018 ж. (Түркістан қ., Қазақстан)

 

1 Тегі, аты, әкесінің аты (толық)
2 Баяндама тақырыбы
3 Бағыты
4 Жұмыс орны (елі, ұйымның, кафедраның толық атауы)
5 Лауазымы
6 Ғылыми атағы мен дәрежесі
7 Телефондар: жұмыс, үй
8  Е-mail:
9 Мекен жайы:
10 Конференцияға қатысу (Күндізгі/Сырттай)
11 Сөз сөйлеу үшін қажетті техникалық құралдар
12 Қонақ үйге қажеттілік, келу мерзімі