Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Оңтүстік Қазақстанның этностары» дөңгелек үстел


2018 ж. 26 қарашада Алматы қ. Достық үйінің пресс-залында «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын» талдамалық зерттеу, жаңару және ақпараттық қолдау мәселелері айқындалған Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты қызметкерлерінің іссапарларының нәтижелері бойынша «Оңтүстік Қазақстанның этностары» атты дөңгелек үстел өтті. Модератор ретінде институт директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов 2017 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қойылған тапсырмаларын орындау үшін «Қазақстан халқы» интерактивтік ғылыми тарихи картасын құруға байланысты көп жұмыстар атқарылғанын атап кетті.

Ғалымдардың баяндамалар тақырыбы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуындағы интерактивті картаның маңыздылығын көрсетіп, этносаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделін нығайту, аймақтық архивтердің мұрағаттық материалдарын пайдаланудың болашағымен байланысты болды. Ғалымдар Қазақстанның Интерактивті картадағы одан әрі жұмысында тарихшылардың ғылыми зерттеулерін қолдану қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Дөңгелек үстел жұмысына – Алматы облысының «Элефтерия» гректер қоғамының төрағасы, Қазақстан халық ассамблеясының мүшесі Г.К. Иордани, шешен халқы мәдени орталығының өкілі Бойсаев Адам қатысты. Олар «Интерактивті карта» бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, өз пікірлерімен бөлісіп, оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулықтарды жариялауды ұсынды, сондай-ақ Қазақстанның жекелеген халықтары санының статистикасын жаңартты.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қазіргі қоғамға тарихи білімнің маңызды мағынасын көрсетеді. Бағдарламаны орындау нәтижелері институт қызметкерлері – тарихшылардың басқа ғылыми-зерттеу институттарының әріптестерімен бірге «Қазақстанның интерактивті картасы» бойынша жұмыстарында қолданылады.