Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жас тарихшы ғалымдардың VІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті


2018 ж. 29 қарашада «Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты президенттік мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын практикалық тұрғыда жүзеге асырудағы жас тарихшы-ғалымдардың міндеті» атты Жас тарихшы ғалымдардың VІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференция жұмысының барысында жыл сайынғы Е. Бекмаханов ат. республикалық байқауының жеңімпаздары  марапатталады. Жүлде қоры 600 мың теңгені құрады. Демеушісі – «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры. Шараға құрметті қонақ ретінде Е. Бекмахановтың қызы – Қарлығаш Ермұханқызы және өзге де көрнекті ғалымдар  қатысты.

«ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ атындағы жас тарихшы-ғалымдарға арналған республикалық байқауына қатысушылардың мақалалар жинағы – 2017 ж. – Алматы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының редакциясы, 2018. – 221 б.» еңбегінің тұсаукесері болды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын практикалық тұрғыда жүзеге асырудағы жас тарихшы-ғалымдардың міндеті» Жас тарихшы ғалымдардың VІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары.– Алматы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының редакциясы, 2018» жинақтың тұсаукесері өткізілді.

Жаңа ашылған «Жас ғалымдар кеңесі» стенд-көрмесі және Е. Бекмаханов мемориалдық кабинеті таныстырылды.

Арнайы құрылған комиссия шешімімен 2018 ж. Е. Бекмаханов ат. Республикалық байқауының:

І орын – Мурзаходжаев Қ.М. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының PhD докторанты «Мусульманские учебные заведения на территории Казахстана (конец ХІХ – начало ХХ вв.)» мақаласы үшін (жүлде қоры 200 000 теңге);

ІІ орын – Әбеу Б., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 3-курс студенті «Сейдазым Қадырбайдың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі»; Шагимолдин Е.Ө., ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстазы, тарих магистрі «Алаш автономиясының ұлттық қазынасы қалай қалыптасты?» мақаласы үшін (жүлде қоры 100 000 теңгеден);

ІІІ орын – Советхан И., С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің 1-курс студенті «Ешкім ұмытылған жоқ, ештеңе ұмытылмақ емес: Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы қарапайым адам тағдыры»; Дукомбайев А.Т., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің оқытушысы, тарих магистрі «Изучение зимовок-кыстау по материалам археолого-этнографических экспедиций»; Морякова М.Т., Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 2-курс магистранты «Қазақ-моғол байланыстарына қатысты мұсылман деректері» зерттеуі үшін (жүлде қоры 65 000 теңгеден) жеңімпаздары  болып танылды.

Аталған жүлдегерлерді марапаттау рәсімі барысында жеңімпаздарға сертификат пен арнайы дипломдар табыс етілді.

Конференция жұмысына қатысуға Қырғызстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Ш. Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының ғылыми қызметкері Алмасқызы Перизат арнайы келіп, баяндамасын оқыды. Сонымен қатар Өскемен қаласынан С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінен бір топ делегация, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінен, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығынан, Алматы Технологиялық университетінен, Назарбаев Зияткерлік мектебінен және т.б. ғылыми-білім мекемелерінен өкілдер қатысты.

Конференция аясында жас ғалымдар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты президенттік мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын практикалық тұрғыда жүзеге асыру бойынша өздерінің ізденістері және жаңалықтарымен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.