Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстан – бейбітшілік пен келісім елі» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы


2018 ж. 29 қараша Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Институтта «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картаны аналитикалық зерттеу, өзекті ету және ақпараттық қолдау» жобасы  бойынша  «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім елі» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» басқармасы, Алматы қ. ҚХА секретариаты, этномәдениет орталықтарының өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, Алматы қ. білім беру мекемелерінің басшылары, орта мектептер тарих пәнінің мұғалімдері, БАҚ, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Институт директоры т.ғ.д., профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы модератор ретінде конференцияны ресми түрде ашқаннан кейін «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы ролі» атты баяндамасын жасап, онда Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қазіргі қоғамда тарих ғылымы тарихи сана мен білімді, тарих ғылымын көтеруде маңызды болып отырғанын, осы орайда «Қазақстан халқы» интерактивті картасы этностар арасындағы бірлікті дамытуда, олардың тарихын білуге көмегін тигізіп жатқанын айтты.

Конференцияда Балгинбаев Назар Албанович Алматы қ. ҚХА секретариатының меңгерушісі, Иорданиди Георгий Константинович ҚХА мүшесі, Бойсаев Адам Шешен ұлттық мәдени орталығынан, Алматы қ. қатысып, сөз сөйледі.

Институт ғалымдары т.ғ.д. Құдайбергенова А.Қ., т.ғ.к. Төленова З.М., т.ғ.к. Уалтаева А.С. Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларында интеактивті картаны қалай насихаттағандарын, жоғары оқу орнындағы студенттерге интерактивті карта бойынша мағлұмат бергендерін айтып, архив құжаттарына шолу жасады. Пленарлық мәжілісте т.ғ.д., профессор, институттың БҒҚ Садвокасова З.Т., т.ғ.к. Смағұлов Б.Қ., т.ғ.к. Шамшиденова Ф.М., Мұрзаходжаев Қ.М. интерактивті картаны жасауда халықаралық тәжірибені қалай қолданылғанын, құмықтардың мақал-мәтелдерін, қазақ-орыс қатынастарын сипаттады.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры Утениязов С.У. Уархун қағанатының тарихын, Х. Досмұхамедов ат. Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Таңатарова Ж.Т. Батыс аймақта «Қазақстан халқы» интерактивті картасын қолданыста қалай пайдаланылып жатқанын, өз университетіндегі ҚХА институты туралы баяндады.

Конференция материалдарының электронды жинағының тұсауы кесілді. Конференцияның материалдары жинақ ретінде шығады.

Конференция соңында Қарар қабылданды.