Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қостанай облысының Мемлекеттік архивімен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды


Институттың ғылыми хатшысы М.М. Қозыбаеваның Қостанай қ. ғылыми іссапары аясында облыстық архивтері мен кітапханаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында 2018 ж. 30 қарашасында Қостанай облысының мемлекеттік архивінің директоры Мурзин Байбосын Байбатырұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты мен Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар қызметін басқармасының «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» ММ арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Келісімнің мәні бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық, ғылыми-практикалық конференцияларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастырып өткізу, ақпараттық қызметтерді ұсыну мен консультациялық кеңес беру болып табылады. Қостанай облысының мемлекеттік архиві мұрағаттық құжаттар мен материалдарды анықтау және жариялау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Келісімшарт бойынша «Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында сирек кездесетін архивтік құжаттарын анықтау бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыруы жоспарланып отыр.