Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарт


2018 ж. қарашада Қостанай қ. Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Институттың ғалым хатшысы М.М. Қозыбаеваның университет ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлымен кездесуі барысында өзара ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Институт пен университет бірлескен жобаларды жүзеге асыруды, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруды және өткізуді, ақпараттық қызметтер мен консультациялық кеңес беруді және жоспарлап отыр. Институт негізінде университеттің магистранттарына «Тарих» және «Археология и этнология» мамандықтары бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуі жоспарлануда.