Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстан мәдениеті мен өнерінің қайраткері, ірі тұлға – Т.Жүргенов» атты дөңгелек үстел


2018 ж. 4 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен «Т. Жүргенов» қоғамдық қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Т.Қ. Жүргеновтің 120-жылдық мерейтойына орай «Қазақстан мәдениеті мен өнерінің қайраткері, ірі тұлға – Т.Жүргенов» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында ХХІ ғ. мәдени жаңғыртудың негізгі заманауи пайымдау мәселелері мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асырудағы басымдылық факторлары талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында: Ш.Ш. Уалиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры т.ғ.д., профессор Қабылдинов Зиябек Ермуханұлы, Т. Жүргенов қорының президенті Аңсатов Сапен, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы, п.ғ.к., А.Е. Садықова, Алматы энергетика мен байланыс университетінен т.ғ.к, доцент А.Д. Өтеғалиева,  Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас ғылыми қызметкері т.ғ.к.,  Қ.С. Алдажуманов, Ш Ш. Уалиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры орынбасары Ә.К. Шашаев, Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері т.ғ.к., С.А. Асанова, Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері А.С. Тылахметова    және т.б. баяндамалар жасап қызу пікірталас болды.