Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Нүсіпбеков оқуларының ақпараттық хаты


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2018 ж. 25 желтоқсанда VІ Нүсіпбеков оқулары аясында академик Ақай Нүсіпбековке арналған «Академик Ақай Нүсіпбеков және Қазақстанның ұлттық тарихының жаңғыруы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысы төмендегідей бағыттар бойынша өтеді:

– А.Н. Нүсіпбеков – ғалым, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері;

– Академик зерттеулеріндегі Қазақстандағы XVIII–XIX ғғ. ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы;

– ХХ ғасырдағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелері;

– Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелері;

– Қазақстан соғыс жылдарында: тарихы, тарихнамасы, мәселелері;

Баяндамалар қазақ, орыс тілдерінде қабылданады.

Конференция жұмысының басталуы – сағ.10:00, қатысушыларды тіркеу – сағ. 09:30

Өтетін орны: Алматы қаласы, Шевченко көш., 28 («Ғылым ордасы», Кіші  конференц-залы, 3 қабат)    

Конференция жұмысына қатысу үшін өтініштеріңізді 2018 жылдың 15 желтоқсанына дейін мына мекен-жайға жіберулеріңізді өтінеміз:

050010 Алматы қ., Шевченко көш, 28, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институы, е-mail.:

 Байланыс телефондары мен факс:

Тел.: +7(727) 261-16-35; 272-68-46

Факс.: +7 (727) 261-67-19

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

 Көлемі 8 бетке дейін, MS WORD редакторында *doc, *rtf нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті: «Times New Roman», кегль 14.

Шектері: жоғары және төменгі жағы – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см, аралық интервал – 1.

Интервал арқылы ортада қою қара жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта аытордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы мен жұмыс орны, жақша ішінде –  қала. Мақаладағы сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы: [1, 24-б.]).  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңына беріледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Кестелерді теруге MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңына беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Конференцияда қарастырылатын мәселелерге қатысты ғана мақалалар қабылданады, мақалаларды іріктеуді ұйымдастырушылар өз құзіретіне қалдырады.