Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт директоры З.Е. Қабылдиновтың 2018 ж. жұмыс қорытындылары бойынша көпшілік алдында есебінің баспасөз баяны


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2018 ж. 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ең басты құндылық» іс-шарасы аясында өтетін:

1. Институт директоры З.Е. Қабылдиновтың 2018 ж. жұмыс қорытындылары бойынша көпшілік алдында есебі, және 2019 ж. міндеттері туралы;

2. «Институттың үздік жас тарихшысы» байқауының қорытындысын шығарып, төс белгісімен марапаттау;

3. «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасының мақаласын жүзеге асыру аясында З.Е. Қабылдиновтың «Султанмамет: государственный деятель, дипломат и батыр» және «History of Astana» кітаптарының тұсаукесері;

4. Салтанатты дастархан өтеді.

Өтетін күні мен уақыты: 2018 ж., сағ. 11.00-12.00

Өтетін орны: Алматы қ., Шевченко көш., 28, «Ғылым ордасы», 3-қабат, Кіші конференц-зал.

 

 

Ұйымдастыру комитеті