Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қ.Ерiмбетова. Маңдайың тасқа тимей, ақылың кiрмейдi


– Құндызай Мырзашқызы, дүние жүзi ұлттарының басынан өткен қиын-қыстау кезеңдер бiздiң халқымыздың басынан да айналып өткен емес. Әйтсе де егемендiк алғанымызға жиырма жыл толатынын ескерсек, қандай жетiстiктерге жетiп үлгердiк? 
– Ұлтымыздың Тәуелсiздiк жолындағы күрес жолындағы Отан тарихының беттерiн парақтай отырып, халықтың рухының үздiксiз талпыну, даму, өсу деңгейiн ерiксiз мойындайсыз. Ал Алматыда бастау алған Желтоқсан көтерiлiсшiлерiнiң рухы бабалар рухының биiк көрiнiсi болған Ұлы рух едi. Ұзақ тарихи өткелдерден өткен халықтың Ұлы тәуелсiздiк рухының жемiсi – ұлттық мемлекетiмiздiң орнығуы, әлем кеңiстiгiне өзiн ұлт ретiнде көрсете алуында. Тарих шындығы сол, халықтың және тұлғалардың намысы мен ұлтжандылығы нәтижесiнде жаңа кезеңге қол жеткiздiк. Сондықтан шындық ақиқатын сан ғана емес, салиқалы көзқарастар мен өткен тарихи үрдiстер бойынша алған сабақтардан алуымыз қажет шығар. Жеке адамдардың астамшылығынан халық жапа шеккенi рас. Азаттықтың бастау алған Алматыдағы Желтоқсан көтерiлiсiнiң негiзгi себептерiнiң бiрi 1950 – 1990 жылдар аралығындағы кеңес мемлекетiнiң көшi-қон саясаты. Себебi, дәл осы кезеңде Қазақстанның «ұлттар зертханасына» айналуы бекiген едi.
– Империяның iргесiн шайқалтып, бүкiл кеңестiк кеңiстiктегi ұлттардың дүр сiлкiнiп, қысымға ұшыраған ұлттық санасына шоқ тастаған – қазақ жастарының 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсi болғанын айту парыз. Сол алып империяны есеңгiреткен алғашқы ажалды соққы Алматыда бой көтердi емес пе?
– Алдыңғы тарих ақтаңдақтарын есептемегенде, тiптi, 1960 – 1990 жылдардағы тұтас саясаттың бiр бөлшегi кеңестiк көшi-қон саясаты және қоныстандыру қоғам заңдылықтарына сәйкес жүргiзiлiп, оның қағидалары негiзделген демократиялық үрдiстермен ұштасқан болса, онда 1986 жылғы ұлтаралық қақтығыстар шиеленiспеген болар едi. «Ақиқат маңдайыңа тимей, санаңа сiңбейдi» деген сөз бар… халық әрең жеткен өз бостандығын қолдан бермек емес және ешкiмге сыйлай салмайды» тұжырымдары жасалған. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халықтарының азаматтық таңдауы – тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар» және «Тарих толқынында»: «…Тоталитаризм – өкiнiшке қарай, заңдылық. Қоғамдық үрдiстердi тоталитарлық әдiспен реттеу тиiмсiздiгi көрiнiс бердi» деп, кеңестiк саясаттың күйреу салдарын сараласа, «Қазақстан – 2030» (ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы) еңбегiнде: «…осал жағымыз кез-келген тұрғыдан қауiптi-демографиялық өнiмсiздiгiмiзде» деп сипаттап, ұлттық қауiпсiздiгiмiздiң сақталуы – күштi демографиялық және көшi-қон саясатында екендiгiн көрсеттi.
Иә, ҚР Статистика агенттiгi қызметкерлерiнiң есебi бойынша 1928 – 1934жж. қазақтардың 1610 мыңы, 1935 – 1938жж. әлеуметтiк және саяси қуғын-сүргiн нәтижесiнде 135 мыңға жуық адам құрбан болған. 1950 жылға дейiн арнаулы қоныстандыру жүргiзiлгенмен, белгiлi бiр жүйелiлiк сақталмады.
1950 жылы республикада тұрғындарды қоныстандыру Басқармасы құрылды, ал 1956 жылы жұмысшы күшiн үйлестiру, жинақтау органдары “оргнабор” Басқармасымен бiрiктiрiлдi. Кеңестiк дәуiрдiң көшi-қон саясаты және қоныстандырудың тұрғындардың санының өзгеруiне, ұлттық құрылым мен мигро-экономикалық әсерлерi болды.
– «Халықтар достығы» лабораториясына айналған Қазақстан басқа республикаларға қарағанда жергiлiктi халықтың ең төменгi пайызына ие болған едi. Бұл жөнiнде демография не айтады?
– Кеңес үкiметiнiң Орта Азия республикалары мен Қазақстандағы ұлттық-территориялық межелеудi iске асыруы кезiнде кейбiр ауытқушылықтарға жол беруi, ассимиляциялау үрдiсiнiң жүргiзiлуi, басқарудың орталықтануы, республикадағы ұлттық ресурстарды бiртұтастандыру, ұлттық шаруашылық дамуын бiржақты етiп шикiзат өндiруге ғана бейiмдендiруi және iс-шаралар дербестiгiнен айыруы бiрыңғай кеңестiк ұлттық саясат сипатын айқындайды.
Кеңес үкiметiнiң 1960 жылдары бұл бағытта жүргiзген саясаты жаңа кәсiпорындар құрылысы мен кен орындарын игеруге байланысты КСРО көлемiнде тұрғындардың ұйымдасқан түрде көшi-қоны, жаңа жерлерге орналасуы (әсiресе, славян халықтары) көзделе отырып, жүзеге асырылды. Соның нәтижесiнде 1960 жылдары Одақ бойынша барлық республикаларда орыстардың үлес салмағы тағы да өсе бастады. Қазақстанда да 1970 жылы олардың саны 1959 жылмен салыстырғанда 30%-ға көбейдi. Әсiресе, 1960 жылы орыс ұлтының өсiмi жалпы тұрғындардың үлесiне шаққанда Қызылорда облысында 84%, Алматы облысында 58,8%, Талдықорған облысында 11,7%-дық өсiмдi құрады.
Жалпы 1959 – 1965 жылдары Қазақстанда салынған және пайдалануға берiлген 728 iрi өнеркәсiп орны мен 535 шеберхана болды.
1955 – 1970 жылдар аралығында Қазақстан тұрғындарының саны 8,3 млн.-нан 13,2 млн. адамға өстi. Оның iшiнде, қала тұрғындары 3368 мыңнан 6727 мың адамға өссе, ауыл тұрғындары 4915 мыңнан 6563 мың адамға өстi. Қалалық жерлердiң негiзiн славян ұлты өкiлдерi құрады, ал қазақтарға қала тұрғыны мәртебесiн алу үшiн мiндеттi түрде қалалық тiркеуде тұруы қажет едi. Ал үй-күйi жоқ қазақ үшiн бұл мүмкiн де емес едi. Урбанизация процесiнiң қарқыны жаңа қалалардың санының күрт өсуiне әкелдi. 1959 жылы 42 қала болса, 1970 жылы 77 қала, ал қала типтес орталықтардың саны 138ден 173-ке дейiн өстi.
– Өткенсiз болашақ жоқ. Бүгiнгi қол жеткен табыстарымыз кешегiнiң ащы сабағының жемiсi емес пе?
– Бүгiнгi Қазақстан өркениет әлемiнде үлкен жетiстiктерге қол жеткiзiп отыр. Елiмiз алдында басы бары иiлдi, яғни мойындады, тiзесi барлар бүгiлдi десек те болады.
1960 – 1990 жылдар арасындағы елдегi жүргiзiлген жүйе еңбекшiлердiң шығармашылық белсендiлiгiн, жоғары өнiм үшiн еңбек етуге талпынысын басып қана қойған жоқ, қабiлеттен де жұрдай еттi. Еңбекақының барлық адамға теңдей бөлiнуi, жұмысшылардың тек қана “атқарушылық” рөлi, қоғамдық бюро, тексерушiлер, қайта-қайта болатын нәтижесiз жиналыстар мен өтiрiк ақпараттар, еңбекке коммунистiк көзқарастар мен социалистiк жарыстар өндiрiстiң даму дәрежесiн төмендетiп қана қойған жоқ, өнiмнiң сапасын төмендеттi, технология мен тәртiп төмендедi, ғылым мен өндiрiс арасында байланыс әлсiредi. Нәтижесiнде өмiрге селқос қарайтын, болашақтағы мамандықтарына қабiлетсiз қоғам мүшелерiнiң саны артты. Fндiрiс салаларындағы ұлттық мамандар Мәскеу мен Ленинградта даярланды немесе еңбек ресурстары Украина, Белоруссия, Закавказье республикалары арқылы толықтырылды. 1960 – 1990 жылдар аралығында Қазақстан экономикасында өзiндiк дербестiктiң болмағанын көремiз.
Минералды байлықтың түрлерi мен жалпы қоры жағынан Қазақстан Одақта 2-орында болды. Қазақстан ТМД елдерiндегi мыстың 30 пайызын, мырыштың 40 пайызын, қорғасынның 60 пайызын, титанның 40 пайызын, шет елдерге шығарылатын хромның 95 пайызын, сары фосфордың 93 пайызын бердi.
КСРО халықтарының 6 пайызын құрайтын Қазақстан Одақ бойынша бидайдың 5 пайызын, қой жүнiнiң 3 пайызын, еттiң 8-10 пайызын өндiрдi. Қазақстандағы өнеркәсiп орнының 7 пайызы ғана республика құзырына қарады, қалғаны Одақтың орталығына бағынды.
Одақтық саладағы кәсiпорынның Қазақстан өнiмiн сыртқа сату арқылы табатын табысы 2 млрд. сомнан асады, оның бiр пайызы ғана республикаға тиесiлi болды, яғни 20 млн. сом. Республика бiр жылда 5,5 млрд. сомның бұйымдарын сырттан тасып, 1 млрд. сомның ғана өнiмiн сыртқа шығарған. Қазақстан экономикалық қуаты, өнеркәсiп деңгейi, елдi тауармен қамтамасыз ету жөнiнен 8–12орында болды, республикада 750 елдi мекен суды тасып iшiп, елдi мекендердiң 450-iнде монша, 1648-iнде аурухана, 2090-ында мектеп, 3800-iнде балалар бақшасы болмады.
Әр адамға 75 сомнан кем табыс келетiн отбасылар елiмiз бойынша бар халықтың 15 пайызын, соның iшiнде Балтық өңiрiндегi отбасылардың 1-ғана пайызын құраса, Орта Азия мен Қазақстанда ондай кедей отбасылар саны 50 пайызға жеттi. Мысалы, соғыс жылдарында Қазақстанға көшiрiлген зауыт-фабрикалардың барлығы, өз жұмысшы, қызметкерлерiмен келдi. Соғыстан кейiн тың жердi игерумен және өнеркәсiптiң өсуiне байланысты 1960–1965 жылдары iрi өнеркәсiптiң өнiмi 1,6 есе өссе, 1960-1970 жылдары 2,6 есе өскен.
Жастардың ауылдан қалаға қоныс аудару көлемiнiң ұлғаюы заңдылық. Аз мөлшерде болса да Қытай, Моңғолия, Fзбекстан, Түркiменстан, т.б. аймақтардағы қазақтардың қозғалуы мүмкiн. Әмiршiлдiк кезеңiнде басталған «вахталық әдiс» 1990 жылдардың соңына дейiн жалғасын тапты. Республикадан тыс жерлерден жұмысшылар тарту мәселесiнде ел экономикасына, әлеуметтiк жағдайына келтiрiлетiн шығынды ескеруiмiз қажет.
Дүниежүзiлiк практикада вахталық әдiс сол жердiң бiлiктi жұмысшылары даярланғанша 2-3 жыл бойы ғана қолданылатыны мәлiм. Ал бiздiң елiмiзде керiсiнше, мәселен, Қазақстанның Каспий өңiрiндегi Атырау облысының мұнай өндiретiн кәсiпорындарында жұмысшывахташылардың жұмыс жасайтын уақыты (1990-жж.) 10 жылдан асты.
Республикадан тыс жерлерден жоғары бiлiктi жұмысшылар келсе, сөз басқаша болар едi, асхана қызметкерлерi, жүк тасушылар, үй сыпырушылар қоса келдi. Ақтөбе облысының мұнай өндiрiстiк және құрылыс бағытындағы аса iрi 9 кәсiпорны мен ұйымына жасалған талдау 1989 жылы жергiлiктi тұрғындардан мамандар даярлауға жұмсалған қаржы осы мерзiмде тек вахташыларды тасымалдап, бағып-қағуға кеткен шығынның жүзден бiр бөлiгiне жетпейтiнiн анықтады. Немесе 1990 жылы Маңғышлақ облысында теңiз-мұнай газ бiрлестiгiндегi 16 мың вахта жұмысшысын тасымалдау үшiн ғана 23 млн. сом қаржы жұмсаған. Бұл сол кездегi баға бойынша. Қазiргi нарықтың дәуiрлеп, жол шығыны шарықтаған шақта қаншалықты өскенiн елестету қиын емес. Ал бұл аймақтағы жастар жұмыссыздықтан әр аймақта жүр. Fндiрiс орындары аймақ тұрғындарының әлеуметтiк жағдайын ескерiп, мәдениет ошақтарын ашып, мектеп, тұрғын үйлер салу мәселелерiн де жоспарға енгiзбеген.
Ал мұндай ахуалдар ұлтаралық алауыздықтардың тууына алғышарт болды. Fндiрiс табалдырығын аттаған жұмысшы қазақтардың басым көпшiлiгi жатақханада тұрды. Айталық, Алматы қаласының жатақханаларындағы 3 мыңға жуық адамға жасалған сауалнамада олардың 38,6 пайызы жатақханада 6 — 10 жылдан берi, 30,7 пайызы 11– 20 жыл, 4,3 пайызы 20 жылдан астам уақыт тұратыны анықталды. Оның үстiне олардың 66 пайызы балалышағалы, сондай-ақ, бiр бөлмеде 3 және одан да көп жандар тұратыны 67,8 пайызды құрады. Жатақханалардың 30 жасқа дейiнгi тұрғындарының жартысынан астамы бес жылдан еңбек стажы бола тұра тұрғын үй кезегi тiзiмiне тiркеле алмаған. Жатақхана тұрғындарының негiзгi бөлiгi — қарапайым жұмыс жасайтындар.
Мұндағы отбасылардың 40 пайыздан астамының айлық жалақысы не киiмiне, не тамағына жетпедi. Сұрау салынған 26–30 жастағылардың 61,8 пайызы, ал 31–39 жас аралығындағылардың 35,5 пайызы отбасын құрмаған. Жатақханада бар өмiрiн өткiзген сәби психологиясы қандай болмақ? Осыған қосымша жұмыссыздықтың белең алуы тұрғындардың әлеуметтiк-психологиялық даму деңгейiнiң тiптi де нашарлауын тудырды. Республиканың жекелеген аймақтарында жұмысшы мамандарын даярлау, мәселен, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, т.б. облыстардағы кәсiптiк-техникалық училищелердi бiтiрушiлер арасында қазақ жастары 10 пайызға да жетпедi.
Тек елiмiздiң егемендiк алуына байланысты 1990 жылдардың басында республикада халықаралық көшi-қонның салмағы артуына байланысты ұлттық мамандардың экономиканың барлық салаларында мамандықтарды игерiп қана қоймай, шет елдерден алған бiлiм-бiлiктiлiгiн ел қажеттiлiгiне жаратуға мүмкiндiк туды.
– Әңгiмеңiзге рахмет!
Әңгiмелескен – Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ.

Алматы-ақшамы қоғамдық-саяси газеті

Фотоархив

Увеличить картинку