Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

VІ-Нүсіпбеков оқулары аясында «Академик Ақай Нүсіпбеков және Қазақстанның ұлттық тарихының жаңғыруы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті


2018 ж. 25 желтоқсанда Ғылым ордасының Кіші конференц-залында кезекті А. Нүсіпбеков оқулары аясында «Академик Ақай Нүсіпбеков және Қазақстанның ұлттық тарихының жаңғыруы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына белгілі отандық ғалымдар, қоғам қайраткерлер, институттың ардагерлері, БАҚ өкілдері, және докторанттар мен магистранттар қатысты. Конференция Институт директоры З.Е. Қабылдиновтың кіріспе сөзімен ашылды. Белгілі ғалымдар – Қ.С. Алдажұманов, Ж.Б. Абылхожин, М.Қ. Әбусеитова, Т.О. Омарбеков, С.К. Өтениязов, А.И. Құдайбергенова және т.б. баяндама жасады. Сонымен қатар, 2 курс магистранттары Р. Жанұзақ пен Ә. Отарға Сүйіндік Ақайұлы Нүсіпбеков Институттың үздік магистранттар ретінде А. Нүсіпбеков атындағы стипендиялармен марапаттады. Конференция барысында жиналған қауым қазақ ғылымындағы ғалым мұрасының айрықша рөлі мен маңыздылығына тоқатылып,  қарар бойынша келесідей шешімдер қабылданды:

– Академик А. Нүсіпбековтің және Қазақстан тарих ғылымының дамуына үлестерін қосқан көрнекті ғалымдардың ғылыми мұрасын зерттеуді жалғастыру;

– БАҚ-та, сондай-ақ заманауи байланыс құралдарының басқа түрлерінде Кеңес Одағы кезінде Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін насихаттау;

– Ақай Нүсіпбеков атындағы жыл сайынғы стипендияларды тарих факультеттердің үздік студенттері мен магистранттарына тағайындау;

– Осы конференцияның материалдар жинағын шығару;

– Институттың мәжіліс залына академик А. Нүсіпбековтың есімін беру және оны мемориалды кабинет ретінде жасақтау.