Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Орталық Азиядағы әлеуметтік және мәдени тәжірибені дамыту: тарих және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел


2018 ж. 26 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтында Ага Ханның «Адамтану ғылымы» жобасы аясында  «Орталық Азиядағы әлеуметтік және мәдени тәжірибені дамыту: тарих және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан, Тәжікстан және Қырғыстанның ғалымдары қатысты.

Құттықтау сөзін Институт директоры, профессор З.Е. Қабылдинов пен Орталық Азия университетінің Ага Ханның «Адамтану ғылымы» жобасының директоры Шозимов Пулат Давронович (Тәжікстан) сөйледі.

«Тарих» бөлімі материалдарының дамуы бойынша жобаны іске асыру барысы туралы З.Е. Қабылдинов, З. Мадамиджанова (Тәжікстан), А. Мокеев (Қырғыстан) баяндама жасады. Материалдың талдауы мен тұжырымдамалық көрсеткіш (кейс стади, педагогикалық әдістеме) туралы проф. Г.К. Билялова баяндады.

«Экология» бөлімі материалдарының дамуы бойынша жұмыс авторлары – проф. Э. Шукурова  (Қырғыстан), К. Кабутова (Тәжікстан),  Р. Ященконың есептері тыңдалды. Материалды ұйымдастыру бойынша қорытындыларын Х. Шамбеталиева (Қырғыстан) жасады.

«Экономика» бөлімінің материалдарын дамыту бойынша жұмыс авторлары – проф. Э. Лайлиева (Қырғыстан), Д. Ахмед – Заки (Қазақстан), Х .Умарованың  (Тәжікстан) есептері қызықты болды. Кейс стади құруы бойынша А. Джураев (Тәжікстан) қорытындыларын шығарды.

Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтында 2019 ж. 14 қаңтарынан магистрлік курстың стратегиясы мен енгізу тәсілдері анықталды.