Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Орталық Азиядағы әлеуметтік және мәдени тәжірибені дамыту: тарих және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел аясында тренинг өтті


2019 ж. 11-13 қаңтарда Институтта «Орталық Азиядағы әлеуметтік және мәдени тәжірибені дамыту: тарих және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел аясында тренинг өткізілді. Іс-шараға Институт өкілдері – директор, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов, к.и.н., доцент А.С. Уалтаева, к.и.н., доцент Б.Қ. Смағұлов, докторанттар Ф. Лебаев пен Куркеев; әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің өкілдері (Н. Исаева, Г. Билялова), сонымен қатар Тәжікстан мен Қырғызстаннан ғалымдар (З. Мадамиджанова және т.б.) қатысты.

Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан ғалымдары осы тренингке арнайы әзірленген мәтіндік материалдарға негізделген топтық және жеке тапсырмаларды орындады. Тапсырмалар Орталық Азия елдеріндегі экологиялық және экономикалық проблемаларды анықтайтын мәтіндер бойынша жұмыс жасау және ғылыми әдістерді (Фишбоун «балық» әдісі және т.б.) пайдалана отырып анықталған мәселелердің шешу жолдарын ұсыну, қазақ, қырғыз және тәжік халықтарының дәстүрлі мәдениетіне қатысты кең ауқымды мәселелерді талдауды қамтамасыз етті.

Тренинг қорытындылары бойынша «Тарих», «Экология» және «Экономика» бөлімдерін қамтамасыз ететін, магистранттарға арналған арнайы курстың тақырыптық мазмұны анықталды. Курстың практикалық енгізілуі 2019 ж. 14 қаңтарынан жоспарланады.