Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Көкшетауда конференцияға қатысу және келісімшартқа қол қою


2019 ж. 18 қаңтарда Көкшетауда жаңа дәуірдің атақты қазақ тарихшысы Қ.Қ. Әбуовтың 80-жылдығына арналған «Отандық тарихтың деректану мен тарихнамасының өзекті мәселелері» атты Халықаралық конференциясы өтті. Ғылыми форумға Түркия, Ресей және Қазақстанның тарихшы-ғалымдары қатысты. Институт директоры З.Е. Қабылдинов форумның Пленарлық мәжілісіне, университеттің тарихи мамандықтары бойынша түлектердің күшімен жабдықталған интерактивті аудиторияның ашылуына қатысты. Сонымен қатар, институт Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау мемлекеттік университеті мен Ақмола облысының әкімдігі басшылығының белсенді қолдауымен облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірқатар ғылыми жобаларды бірлесіп орындау бойынша келісімге қол қойды.