Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Кембридж университетінде Ш. Уәлихановтың еңбектерін шығару туралы келісім


2019 ж. 21 қаңтарда Институтта ағылшын саяхатшы Томас Аткинсонның Жетісу мен Шығыс Қазақстан бойынша (1847–1852 жж.) экспедиция материалдарын зерделеген белгілі британдық зерттеуші Ник Филдингпен кездесу өтті. Кездесу барысында 2020 ж. соңында Кембридж университетінің негізінде Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының логотипі мен шығыс деректері көрсетілген Ш. Уәлихановтың таңдамалы шығармаларын жариялау және тұсаукесері туралы келісімге қол жеткізілді.