Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы, ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және «Ғылым Ордасы» РМК 2019 жылдың 23 мамыр күні ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.-А.Х. Асылбековтың 90 жылдығына арналған «Қазақстан тарихындағы тұлғатану мәселелері: Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі» деп атап көрсеткен. Осы орайда Қазақстан ғылымының дамуына сүбелі үлес қосып кеткен ғалым-академиктің ғылыми-шығармашылық мұрасын талдап, еңбектерін саралап, еске алу қажет.

Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков сан қилы өмір белестерінен өткен. Оның еңбек жолы қарапайым жеті жылдық мектеп оқытушысынан басталып, ҚР ҰҒА академигі атты ең жоғарғы ғылыми мәртебесіне дейін жеткен. М.А.-Х. Асылбеков бүкіл ғылыми-шығармашылық өмірін қазақ халқы тарихының әртүрлі мәселелерін зерттеуге арнады. Еңбектерінің негізгі бөлігі тарихи демографиялық тақырыптарға, Қазақстанның индустриалды дамуы мен тұлғатану мәселелеріне арналды.

 Конференция төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жасайды: 

  • Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков – белгілі ғалым, педагог
  • Қазіргі кезеңдегі  Отан тарихы ғылымындағы жаңа тұжырымдар мен көзқарастар
  • Қазақстанның тарихи демографиясының дамуы мен болашағы мәселелері
  • ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың Жеті қыры» атты мақаласындағы міндеттерді жүзеге асырудағы тарихшылардың үлесі
  • Қазақстан тарихындағы атақты Ұлы Дала тұлғаларының рөлі

Материалдар жинағын құрастыру мен жариялауға және Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция бағдарламасына қосу үшін көлемі 10 бетке дейінгі мақалаларды «Академик М.-А.Х. Асылбековтың 90-жылдығына» деген белгі қойып, жіберу керек.

 Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

МАҚАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ – 2019 ж. 26-сәуіріне дейін

Қатысушыларды тіркеу – 09:30, басталуы – 10:00

Өткізілетін орны: Алматы қ., Шевченко көш. 52 («Ғылым Ордасы, кіші конференц-зал, 3-қабат).

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

050010, Алматы қ., Шевченко көш., 28. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.

Тел.: 8(727) 272-46-54

моб.тел.: +77072258984 Мурзаходжаев Куаныш.; +77078949368 Омарова Гулнар.

e-mail:kuka_ist@mail.ru; Gulomarova@rambler.ru

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар

Жалпы көлемі 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасында.

Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Шрифт  түрі «Times New Roman», кегль 14, жоғары шектен – 2 см., төменнен – 2 см., солдан – 3 см., оңнан – 1 см.;интервал – 1 аралығында, азат жол шегінуі  – 1,25 см.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта – ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, автордың аты-жөні, және ұйымның аты жақша ішінде – қала, мемлекет. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Мәтінде сілтеме тік жақша түрінде рәсімделіп, әдебиеттер тізімінде деректердің беті көрсетіледі. Мысалы: [6, 2 б.].

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

М.-А.Х. АСЫЛБЕКОВ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ТАРИХИ ДЕМОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ

А.И. Құдайбергенова т.ғ.д., доцент,

050010, Қазақстан, Алматы қ., Шевченко көш., 28.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы

Тарих және этнология институты

akudaybergen@mail.ru

 Мәтін… [1, 17 б.]. Мәтін… [2, 25 б.].

 Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1 Национально-освободительное восстание казахских трудящихся против царизма в 1916 г. / Сост.: С. Шарипов. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1937. ­– 316 б.

2 Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы // Казахстанская правда. –2003. –10 декабря. – № 4. – С. 5-7.

3 Ташкент мұсылмандарының демонстрациясы (электронный ресурс) // htpp://www.inform.kz/kaz/article/2323629 (дата посещения сайта: 18.03.2013).

ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

 ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.-А.Х. Асылбековтың 90 жылдығына арналған «Қазақстан тарихындағы тұлғатану мәселелері: Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков» тақырыбында өтетін Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға

Тегі, аты, жөні  (толық) ________________________________________________________

Жұмыс орны, қызметі _________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы _______________________________________________________

Мекен жайы__________________________________________________________________

Байланыс телефоны, E-mail _____________________________________________________

Бағыты_______________________________________________________________________

Мақаланың тақырыбы __________________________________________________________

Мақалаларыңызды жоғарыдағы талаптарға сай жазып, мұқият қадағалауларыңызды еске саламыз. Редакциялық алқа талаптарға сай келмейтін жұмыстарды қабылдамауға құқылы. Жұмыстарыңыздың нәтижесі электронды почтаға жіберіледі.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕҢЕСІ