Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институтта ЮНЕСКО кафедрасының ашылуы дайындалуда


2019 ж. 24 қаңтарда Алматы қаласында ЮНЕСКО және ИСЕКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясы жанындағы материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитетінің отырысы өтті. Институттың бас ғылыми қызметкері А.У. Тоқтабай Ұлттық комиссияның Бас хатшысы Д.Т. Изанова тарапынан «Қазақ жылқы өсірушілердің көктем мерекелері» номинациясының сарапшысы ретінде әлемдегі қазақ мәдениетін насихаттауға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Институт директоры З.Е. Қабылдинов біздің мекемеде ЮНЕСКО кафедрасын ашу туралы ұсыныс жасап, қазіргі Ұлттық комиссияның құрамына қосылды. Кездесудің қорытындылары бойынша келесі кездесуді Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтында өткізу туралы шешім қабылданды.