Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Ұлы даланың ұлы есімдері: зерттеудің методологиялық әдістері» атты Республикалық дөңгелек үстелдің БАСПАСӨЗ БАЯНЫ


2019 ж. 12 ақпанда сағат 11.00-де Алматы қ. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмасын орындау мақсатында «Ұлы даланың ұлы есімдері: зерттеудің методологиялық әдістері» атты Республикалық дөңгелек үстелді өткізуді жоспарлап отыр. Дөңгелек үстел аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын құру тұжырымдамасының жобалары мен «Ұлы даланың ұлы есімдері» Тізімі талқыланады.

Ұлы тұлғалар – өздерінің мә­дени-ғылыми, рухани-әлеуметтік басымдылықтары арқылы тарихтың  сан алуан белестерінде  ел мен жердің қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандырып, оның дамуына айтарлықтай үлес қосқан, атқарған қызметі өз өлкесінің аясынан шығып, әртүрлі тарихи дәуірлер мен кезеңдерде бүкіл қазақ даласына танымал болған адамдар. Сондықтан кез келген тарихынан сабақ алатын мемлекет ұлы тұлғаларын әспеттеген, себебі  өткеннің осы тұлғалардың қызметі арқылы зерделенеді, өйткені қоғам тарихында басты рөлді ұлы тұлғалар атқарады.

Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­­баев «Қазақстан – 2050» Стра­­­тегиясында «Біз ұлттың та­рихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз ке­­рек», – деп атап көрсеткендей, тарихтан орын алған тұлғалардың өмірі мен қызметін зерттеу, ұрпаққа таныту, солар арқылы өткенді, тарихи сананы  жаңғырту Ұлы Дала Елінің болашағы үшін аса қажет.

Тарихтан белгілі әрбір халық үшін өзінің дана, отансүйгіш, елжанды,  өр мінезді,  алып тұлғалы перзенттерінің үлгісі маңызды. Халықтың халық болуы, мемлекеттілігі, тарихы мен мәдениеті, өнері мен өнегесі  озық көшбасшылардың қызметінің арқасында қалыптасады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға кәсіби тарихшылар, көрнекті қоғам қайраткерлері, мемлекеттік мекемелер өкілдері мен жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушы құрамы, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар және 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысуға шақырылады.

Өтетін орны: 050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28, «Ғылым ордасы» РМК, 3-қабат, Кіші конференц-зал.

Байланыс телефоны: 8 (727) 261-67-19, 261-01-33; факс: 8 (727) 261-67-19.

Email: kazhistory@bk.ru

 

Ұйымдастыру комитеті